Президент коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді

01.04.2021 18:09

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады», – деп жазды Б. Уәли.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады.