Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 124 миллионнан асты

24.03.2021 в 18:10

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания орналасқан

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 124 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 124 млн 124 мың 997 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 2 млн 733 мың 380 науқасты құрады. 

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Бразилия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания орналасқан.