Үкімет басшысы әкімдіктерге қысқа мерзім ішінде бірнеше мәселені пысықтауды тапсырды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде бірнеше мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

–  медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;  

–  ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;

–  меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;

–  жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

–  үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);

–  халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Новости партнеров