Медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде бірнеше мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
– медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;
– ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
– меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
– жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
– үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
– халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.