Еуропаның бірнеше елі коронавирустың таралуына байланысты жаңа шаралар қабылдап жатыр

26.11.2020 18:11

Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды

sputnik-georgia.ru

Еуропаның бірнеше елі коронавирустың таралуына байланысты жаңа шаралар қабылдап жатыр. Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ел үкіметі алдағы мерекелерден кейін COVID-19-дың үшінші толқынын болдырмау мақсатында дайындық шараларын жоспарлауда. Ұлыбританияда 15-інші желтоқсаннан бастап COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдерден келгендерді коронавирус инфекциясына тестілеудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды. Егер тест тапсырған адамнан індет анықталса, ол 5 күнге оқшауланады. Осылайша ел билігі қауіпті дерттің таралуын шектемек. Ал, Швецияда шектеу шаралары күшейтілді. Ел тұрғындарына 8 адамнан артық жиналуға тыйым салынды, жерлеу рәсіміне 20 адамнан артық қатысуға рұқсат етілмейді. Одан бөлек, қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, бетперде тағу басты талап. Дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 60 миллионнан асты.  Бұл Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны бойынша Америка Құрама Штаттары бірінші орында. Мұнда 12 миллион 500 мың адам індет жұқтырған. Үндістанда 9 миллионнан астам адам аурудың ілмегіне іліккен. Бразилия, Франция мен Ресейде эпидемиологиялық жағдай аса күрделі.