Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар ем алуы керек пе

26.06.2020 в 23:55

Бұл сұраққа «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жауап берді

Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққандар ем алуы керек пе? 

Бұл сауалға бүгін онлайн брифингте «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Бекбосынова жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, науқаста ешқандай белгілер болмаған жағдайда, қандай да бір ем-дом жүргізудің қажеті жоқ. Ауру асқынбай тұрғанда ыстық түсіретін дәрі ішкен жөн. Бұл орайда мамандар парацетомол қабылдауға кеңес береді. Ал өкпенің қабынуы байқалса, тиісті дәрі-дәрмекеті тек ақхалаттылар ғана белгілейді. Бүгінде осындай симптомдары бар науқастардың шамамен үш пайызы стационарларда емделіп жатыр.