Ж. Бекшин жаңа қаулыға қол қойды: 65 жастан асқан азаматтарға сыртқа шығуға тыйым салынады

pixabay.com
pixabay.com
19-30 қараша аралығында «Медеу» мұз айдыны сынақ режимінде жұмыс істейтін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Бекітілген құжатқа сәйкес, 19-30 қараша аралығында «Медеу» мұз айдыны сынақ режимінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, 16 қарашадан бастап Шымбұлақ демалыс орны ашылады. Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап, оқушылар да дәстүрлі оқу форматына көшеді. Бірақ мектепте оқушылар саны 300-ден, ал кезекші сыныптардағы бала саны 15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ, қонақ үйлердің де қызметі қайта жанданбақ. Ондағы қызметкерлерден ПТР-тестінің нәтижиесі талап етілмейді. Егер адамдар 3 күннен астам уақыт туризм объектілерінде тұруды жоспарласа, ПТР-тестінің нәтижиесі болуы міндетті. 10 қарашадан бастап, діни мекемелер мен мешіттердің және театрлердің де жұмысына рұқсат етіледі. Тек, онда келушілер саны 100 адамнан аспауы тиіс. Ал, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақытына шектеу қойылды. Адам көп жиналатын сауда орталықтары енді сағат 22:00-ге дейін ғана ашық болады.


ГРАФИКА

19-30 қараша «Медеу» мұз айдыны сынақ режимінде жұмыс істейді;

16-30 қараша «Шымбұлақ» демалыс орны сынақ режимінде жұмыс істейді;

10 қарашадан бастап, театрлар жұмыс істейді. Келушілер саны 100 адамнан аспауы тиіс;

10 қарашадан бастап, діни мекемелер мен мешіттер жұмыс істейді. Келушілер саны 100 адамнан аспауы тиіс;

Сауда-ойын сауық орталықтары жұмысы 22:00-ге дейін;


Жабық базарлардың жұмысы 17:00-ге дейін;

Қоғамдық тамақтану орындары 22:00-ге дейін;  Үстелдер саны 50-ден аспауы тиіс;

300-ге жуық оқушы бар мектеп II тоқсаннан бастап, дәстүрлі оқу форматына өтеді;

1-5 кезекші сыныптарда бала саны 15-тен аспауы қажет;

Демалыс үйлері, санаторий, курорт, лагерлерьде тұрғындар 3 тәуліктен аса уақыт тұратын болса, ПТР тесті талап етіледі;

Ұйымдар мен мекемелердің 50% қызметкері қашықтағы жұмыс форматына ауысады;

65 жастан асқан азаматтарға аса қажеттіліксіз сыртқа шығуға тыйым салынады.

Новости партнеров