Алматыда Орталық аурухана қызметкері коронавирустан көз жұмды

16.05.2020 18:12

Ол Орталық ауруханада лифтер болып жұмыс істеген

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкері коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында А. есімді науқас әйел қайтыс болды. Ол Орталық ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. Сәуірдің 16 күні ПЦР талдауынан вирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Науқас коронавирус инфекциясын емдеу жөніндегі хаттамаға сай реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. 

Интенсивті терапияның жүргізілгеніне қарамастан науқастың ауруы асқына берген.

«Қазіргі уақытта Комиссия өлім жағдайын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде өлім себептері анықталады», - делінген хабарламада.