Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді

28.05.2020 18:13

Қазіргі уақытта облыста инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

«Вирус жұқтырғандардың 9-ы Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөл ауданында, 1-еуі Ескелді ауданында және тағы 1-еуі Талғар ауданында тіркелген. Барлық 14 науқастан вирус бірден анықталды, 7 науқас — 1987, 1938, 1989, 1989, 1992, 1980, 1982 жылғы азаматтар бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған, 7 науқас — 2019, 2017,1984, 1991, 2006, 1994, 2016 жылғы тұрғындар профилактикалық мақсатпен тексерілген», - делінген хабарламада.

Барлығы алдын ала оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Қазіргі уақытта Алматы облысында инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген.