Қарағанды облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, індеттен қаза болғандар саны үшеуге жетті. Ал, елдегі жағдай мынадай: COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 369-ға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында 184, Алматыда 84, Шымкент қаласында үшеу. Қызылорда облысында 24 адамнан анықталса, Атырау мен Ақмола облыстарында 16-дан.
Қарағанды облысында 14-ке көтерілді. Алматы облысында – 8. Түркістан болысында бесеу. Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік қазақстан облыстарында үш-үш жағдайдан тіркелген. Шығыс қазақстан мен Батыс қазақстан облыстарында екі-екіден.
Маңғыстау мен Павлодар облыстарында бір-бір адамнан анықталды. Айта кетейік, Қазақстан бойынша коронавирустан 24 адам жазылып шықты.Оның 16-сы елордада болса, 8-і Алматыда.