Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық қызметі науқастарды қабылдауға дайын

07.04.2020 18:16

Бас әскери клиникалық госпитальдің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі даярлыққа келтірілді

Almaty.tv

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық қызметі науқастарды қабылдауға, емдеуге және карантинге дайындау бойынша қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды  Almaty.tv

Сонымен қатар, Бас әскери клиникалық госпитальдің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі даярлыққа келтірілді. Ол аталмыш пневмонияның ең күрделі жағдайын, соның ішінде вирус жұқтырғандарды емдеуге мүмкіндік беретін заманауи өкпені жасанды желдету құралдарымен жабдықталған. Бөлімшенің жеке құрамы қажетті қорғаныс құралдарымен және 2-3 дәрежелі қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген. Күн сайын медициналық мамандармен COVID-19 науқастарының келіп түсуі жағдайында әрекет алгоритмі бойынша сабақтар мен арнайы тренингтер өткізіледі. Бұдан бөлек, әскери госпитальдар мен лазареттерде дайындалған жұқпалы аурулар бөлімшелеріне қосымша жақын арада Алматыдан 30 шақырым жерде заманауи мобильді далалық госпиталь ашылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда да қосымша резервтік әскери-медициналық қор дайындалды.

«Осы жылжымалы модульдік далалық госпиталь осы елімізде енгізілген карантинді жағдайға байланысты науқастарға көмек көрсету үшін және өздеріңіз көріп отырғандай 900 орын анықталды. 800 карантинде ұстау, 100 стационарлық орын болып есептеледі. Оның ішінде 6 реанимациялық койка, жансақтау бөлімі соңғы аппаратуралармен жабдықталған», – деді ҚР ҚК Далалық әскери модульдық жылжымалы госпитальдің жан сақтау бөлімінің бастығы  Азиз ЖАППАРОВ.