Алматыда коронавирус инфекциясы табылған 101 мекенжай тіркелді

16.04.2020 19:22

Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 40 індет ошағындағы шектеу алынып тасталды

пресс-служба Алматинского гарнизона

Алматыда коронавирус инфекциясы табылған 101 мекенжай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасырын инфекция орындарын белсенді іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ошақ сандары артқан. Олар: Әуезов ауданында - 25, Алатау ауданында -15, Алмалы ауданында - 13, Бостандық ауданында -18, Медеу ауданында - 8, Жетісу ауданында - 6, Түрксіб ауданында - 9, Наурызбай ауданында - 7 ошақ аймағы анықталды. Ал бұған дейін ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан короновирусқа тән клиникалық белгі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 40 індет ошағындағы шектеу алынып тасталды.