Коронавирус: Мексикада адамның өлгенін растайтын куәлік таусылып жатыр

07.09.2020 18:16

Бүгінде 1 млн құжат басылып, мекемелерге таратылғалы тұр

открытые источники

Мексиканың кейбір аудандарында коронавирустан тіркелген өлім санының артуына байланысты қайтыс болғанын растайтын куәліктер таусылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктердің ақпаратына сәйкес, Төменгі Калифорния штаты мен Мехикода құжаттар жеткіліксіздігі екі апта бұрын басталған. Осы мәселеге байланысты жерлеу рәсімдері де кейінге қалдырылып отыр. 

«Маған дәрігерлер қайтыс болғанын растайтын құжатты көбірек алдыру үшін көп хабарласады. Бізде үлкен жетіспеушілік туындап отыр», – дейді медицина қызметтерінің координаторы Карлос Аранза. 

Бүгінде 1 млн құжат басылып, мекемелерге таратылғалы тұр. Куәліктің жаңа форматына қосымша түзетулер енгізілген. 

Жұма күні елде коронавирус жұқтырғандар саны 6196- дан 6230909- ға жеткен, ал қайтыс болғандар саны 522-ден 66851-ге өскен. Мексика өлім-жітім деректері бойынша төртінші орында тұр. Оның алдында АҚШ, Үндістан мен Бразилия тұр. Кей ақпараттарға сәйкес, елде қайтыс болғандар саны азайтылуы мүмкін.