Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Photo : МИД Казахстана
Көрші елден гуманитарлық көмек коронавируспен бірлесе күресу жөніндегі келісім аясында жіберіліп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресей Қазақстанға медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттарды гуманитарлық көмек ретінде жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
«Көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты астанаға 8 шілде күні жетті» делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмек ретінде медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттар жеткізілді. Алдағы уақытта Ресейден тағы бірнеше рейс келеді.
Көрші елден гуманитарлық көмек коронавируспен бірлесе күресу жөніндегі келісім аясында жіберіліп отыр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсеткені үшін Ресей үкіметіне алғыс білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10