Алматыда 2 адамнан ғана коронавирус анықталды

10.05.2022 18:07

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 305 603-ке жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 4 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқапаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, індетке шалдыққандардың 1-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында, 1-еуі Жамбыл облысында тұрады. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 305 603-ке жетті. 

«Өткен тәулікте 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның 1-еуі елордалық азамат, 4-еуі Алматы қаласының тұрғыны. Елімізде жұқпалы дерттен айыққандардың қатары 1 291 450 болды», - деп жазды ведомство.