Талмай еңбек еткен бірқатар азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды
«Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрестегі ерлігі үшін ескерткіш орнатылуы мүмкін», деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Соның құрметіне «Халық алғысы» медалін тапсыруды тапсырдым. Медаль осы қиын-қыстау күндерде қажырлы еңбек еткендердің бәріне арналады», – деді Тоқаев.
Президент бұл жаңа мемлекеттік награда "Biz birgemiz" форумы аясында елінің нағыз патриоттарына табыс етілетіндігіне сенім білдірді.
«Пандемияны жеңгеннен кейін елордада біздің азаматтарымыздың ерлігі құрметіне ескерткіш орнату қажет болады. Біз бұл қиын кезеңді міндетті түрде жеңеміз, өйткені біз біргеміз», – деді Мемлекет басшысы.