Вирустың жаңа штамдары Атыраудан анықталды

07.04.2021 18:21

Аймақта коронавирус жұқтырған­дардың 41 пайыздан астамы ауысым жұ­мысшылары

sputnik.kz

Атырауда эпидемиологиялық ах­уал  дабыл қағарлық жағдайда. Өт­­кен жылы  індеттің басты ошағы Теңіз вахталық кеніші болса, биылғы індет жұқтырғандар облыс орталығында көбейіп тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Айқын газетіне сілтеме жасап.

Атыраулық дәрігерлер  коронавирустың  8 наурыздан соң күрт артып кеткенін айтып отыр. Өйткені батыс өңірлерде сақ­талған көрісу дәстүрі мен той-томалаққа бару толастамай тұр.

Атырау облысының бас санитар дәрі­гері Мәдениет Танауов онлайн брифинг барысында эпидемиологиялық тергеу нә­тижелерін жариялады. Осыған байланысты ол тұрғындарды адам көп жиналатын іс-шараларға қатыспауға және  барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Аймақта коронавирус жұқтырған­дардың  41 пайыздан  астамы  ауысым жұ­мысшылары. Ал 22 пайызы  – науқастар­мен байланыста болған адамдар, 28 па­йыздан  астамы – түрлі іс-шарада, 7,6 пайызы  қоғамдық көлікте жұқтырған.

Атырау облысы бойынша 6 сәуірдегі коронавирус жұқпасының эпидемиология­лық жағдайына келсек, осы  жылдың 28 наурызы мен  сәуірі аралығында корона­вирус инфекциясының 19 207 жағдайы тіркелген.

Инфекция жұқтырғандардың дені  Атырау қаласынан анықталып отыр.