Өкінішке қарай, қаншама адам бұл тізімге енбей қалды
500-ден астам медицина қызметкері жұмыс кезінде COVID-19 жұқтырғаны үшін өтемақы алды, деп мәлімдеді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын қаралған, бекітілген және ең бастысы төленген өтемақыларға мониторинг жүргізеді. Кешегі жағдай бойынша, 500-ден астам медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден өтемақы төленді. Өкінішке қарай, қаншама адам бұл тізімге енбей қалды, оларға төлем төлеуден бас тартылды», – деді Есмағамбетова.
Ол төлемдер мәселесінде өтемақы төлеу тәртібін сипаттайтын нормативтік-құқықтық акт бар екенін және басқалармен қатар, аймақтық комиссияларда төлемді талап ететін әр медицина қызметкеріне арналған құжаттар пакетін қарастыратынын еске салды.
«Бұл комиссиялардың жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның соңғы отырысында қаралды. Барлық әкімдерге бұл жұмысты жандандырып, облыстық комиссияға ұсынылатын барлық құжаттар пакетін тез қарастыру тапсырылды», – деді бас санитарлық дәрігер.