Шымкентте коронавирус белгілерімен 30 адам тіркелді

11.06.2020 в 18:22

Бүгінде қалада COVID-19 инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 30 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 16 әйел адамнан, 12 ер адамнан және 2 баладан анықталды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.

Бүгінгі таңда қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 1022 адам анықталды, олардың ішінде 448-і жазылып шыққан.