ДДҰ Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір айтты

12.08.2020 18:23

Осыған дейін әлемдік ұйым Ресейге вакцина жасау кезінде арнайы стандартты қатаң сақтауға шақырған болатын

NurPhoto


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұйым өкілі Тарик Язаревич вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керектігін айтты. Осыған дейін әлемдік ұйым Ресейге вакцина жасау кезінде арнайы стандартты қатаң сақтауға шақырған болатын. Ал, америкалықтар болса Ресей жаңа вакцинаны дұрыс деңгейде тексергеніне күмәнмен қарап отыр. Айта кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин елде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жасалғанын, оны алғашқылардың бірі болып, өзінің қызы алғанын мәлімдеген еді.