Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабу туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қаланы толығымен жабу мәселесі көтерілген жоқ. Оған қатысты алдын ала ақпарат береміз. Таңертең тұрсақ, қала жабық деген болмайды.
Егер денсаулық сақтау жүйесінің күші жетпей жатса және инфекцияның таралу көрсеткіші нормадан асып кетсе және басқарылмайтын болса, қосымша шешім қабылдау қажет болады. Әзірге қаланы жабудың қажеттілігі жоқ», – деді әкім.
Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев вакцинация сәтсіз жүргізіліп жатқаны және коронавирустың үшінші толқыны туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, әкім Алматыдағы эпиджағдай туралы айтты.