Алматы облысында тағы 1 адамнан коронавирус анықталды

08.05.2020 18:27

Облыста қауіпті инфекция жұқтырған 177 адам анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Вирус жұқтырған адам Талғар ауданында тіркелген. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқасқа COVID-19 диагнозы қойылды.

«Осыған дейін оқшауланған азамат қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Онымен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру қолға алынған», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Алматы облысында қауіпті инфекцияны жұқтырған 177 адам анықталған.