Чехияда коменданттық сағат енгізілді

Слово і Діло
Слово і Діло
Пандемия кезінде мұнда 2337 адам қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Чехия үкіметі коменданттық сағат енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Роман Примуланың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны көбеюіне қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында жергілікті тұрғындарға 28 қазан мен 3 қараша аралығында 21.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Министрдің айтуынша, министрлер кабинетінің осы шешімімен барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар мен компанияларға жұмысты home office режиміне ауыстыру ұсынылды.

Сондай-ақ, 27 қазанда Үкіметтің парламентке төтенше жағдай режимін тағы 30 күнге ұзарту туралы ұсыныс айтатыны белгілі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Чехияда 162 866 адамнан коронавирус анықталған, олардың 5613-і ауруханаларда. Пандемия кезінде мұнда 2337 адам қайтыс болған.

Новости партнеров