Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды

17.11.2020 18:30

2020 жылғы 17 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 23 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 54 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40220, 421 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29634 жетті.