Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті карантин мен шектеулерді енгізу ережелерін және шектеулер енгізілетін аурулардың тізбесін бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасы жарияланған.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары:
инфекциялық аурулардың шетелден Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну қаупі кезінде;
республикада, Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайлары туындаған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары мен карантин енгізілетін жұқпалы аурулар тізімі: