|
13.03.2020 | 13:33
5264

Алматыда медициналық бетперде мен антисептикалық заттар шығару ұлғаятын болады

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы айтты

Алматыда медициналық бетперде мен антисептикалық заттар шығару ұлғаятын болады

Алматы қаласының әкімдігі мегаполисті жеткілікті көлемде медициналық заттармен, әсіресе бетперде және антисептикалық өнімдермен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бізде өндірістік компания бар, қазіргі құрал-жабдықтарының қуаты бойынша кәсіпорын айына 3 миллионға дейін бетперде шығарады. Жақын күндері өндірістің қосымша көлемін іске қосамыз және бөлшек нарығын отандық өнімдермен толық қамтамасыз етіп, тапшылықты жоятын боламыз», — деді Еркебұлан Оразалин.

Жаңа қондырғыларды сатып алып, іске қосу арқасында кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 8 миллионға дейін бетперде шығаратын болады.

Е. Оразалин өзінің сөзінде қала дәріханаларының бетперделермен қосымша көлемде қамтамасыз етілетінін айтты. Бетперде базарында алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында шикізат алу үшін кәсіпорындарға айналымдағы заттар бөлінеді, бұл өнім жеткізудің нарықтық мүмкіндігіне ықпал етеді және қаланың ірі дәріханаларымен тікелей байланыс орнатуға жол ашады. Бұлардан өзге, компанияларға антисептикалық заттар мен санитайзерлер шығару үшін қосымша қаржы бөлінетін болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир