Қазақстанда демалыс күндері қатаң карантин сақталады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Инфекцияның таралуында не маңызды?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова демалыс күндері неге локдаун сақталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Карантин шараларының әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанда демалыс күндері қатаң карантин сақталады.

«Неліктен біз демалыс күндері локдаунды сақтағымыз келді? Біздің алдымыздағы бірінші міндет қол жеткізген оң динамиканы сақтау. Инфекцияның таралуында не маңызды? Адамдармен байланыс. Біз бәріміз демалыс күндері байланысу күшейетінін жақсы түсінеміз. Халық қозғала бастайды. Сол сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар. Біз демалыс күндері негізінен адамдар жаппай жиналатын ірі нысандардың қызметін тоқтатамыз дегенде, алдымызда байланысты ажырату, азайту міндеті тұр. Бұл инфекция таралуын тоқтады деген сөз. Демалыс күндеріне локдаун енгізудің қарапайым қисыны осы», – деп түсіндірді Есмағамбетова ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев бизнес тарапынан карантин шараларын сақтау сапасын бақылау үшін локдаун екі аптаға енгізілетінін айтты.

«Министр Алексей Цой кеше демалыс күндеріндегі локдаун екі аптаға созылатынын айтты. Бизнесте демалыс күндері 40 пайызға дейін кіріс түседі. Біз бұған саналы түрде келісеміз. Бизнес қаншалықты жауапты болатынын көргіміз келеді. Карантин шаралары сақталса, бұл уақыт бізге осы процестердің барлығын реттеуге мүмкіндік береді. Екі аптадан кейін бәрі жақсы болса, біз демалыс күндері локдаунды алып тастауды сұраймыз. Бұл тұрғыда адамдардың денсаулығы – басты фактор», – деді Жұмағазиев.

Новости партнеров