197 пациенттің жағдайы өте ауыр
Қазақстанда 44 374 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің 3 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 374 адам коронавирус инфекциясынан (43 920 КВИ+ және 454 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 762 адамның жағдайы ауыр,
• 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.