Қазақстандағы коронавирус: екі-ақ облыс «жасыл» аймақта

13.04.2021 18:37

2 қала мен 6 облыс «қызыл» аймақта

turantimes.kz

Қазақстандағы 2-ақ облыс «жасыл» аймақта қалды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан өңірлерінде 13 сәуірдегі эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, БҚО және Қарағанды облыстары тұр. 

Ал «сары» аймаққа: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, СҚО және Маңғыстау облыстары енді. 

«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысы.