ПТР-тест тапсырғаннан кейін олар үйiне жiберiледi
Нұр-Сұлтан әуежайынан 101 жолаушы карантин стационарына жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сiлтеме жасап.
9 қазанға қараған түнде елорда әуежайына алты ұшақ қонды.
«101 жолаушы ПТР-тест жасамаған немесе олардың мерзімі өтiп кеткен. Олар стационарлық карантинге жiберiлдi. ПТР-тест тапсырғаннан кейін олар үйiне жiберiледi. Ал коронавирус анықталса, инфекциялық стационарға жiберiледi», – делiнген әуежай хабардамасында.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайынан 122 жолаушы карантинге жатқызылғаны хабарланған болатын.