|
Коронавирус
22.02.2020 | 13:40

Алматының Бас санитарлық дәрігері: коронавирустың алдын алудың негізгі шарасы — адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу

Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қауіпті аймақтардан келген барлық адамдарға күшейтілген бақылау жүргізілуде

Алматының Бас санитарлық дәрігері: коронавирустың алдын алудың негізгі шарасы — адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу Reuters

Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қауіпті аймақтардан келген барлық адамдарға күшейтілген бақылау жүргізілуде, деп Almaty.tv хабарлайды.

Бүгінде коронавирусты инфекция ҚХР-дан басқа 26 елде тіркелген. А. ж. ақпан айынан бастап Алматы қаласының әуежайына келетін барлық халықаралық рейстерге күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта коронавирус тіркелген елдерге тур ұйымдастыратын туроператорлардың қызметі тоқтатылды.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталған елдердің тізбесі: Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Иран, Ресей, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет.

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова атап өткендей, алдын алу шараларына баса назар аудару қажет. Тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанудың өршіп тұрған кезеңін, сондай-ақ бірқатар шет елдерде коронавирус ауруларының артуын ескере отырып, тұрғындарға вирустық аурулардың алдын алу шараларын сақтау және адам көп жиналатын жерден аулақ болу ұсынылады.

Алматыда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штаб әуежай аумағындағы өткізу пункттерінде, темір жол стансаларында, автокөлік өткелдерінде лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимыл алгоритімінің сақталуына бақылау жүргізуде. Шаһарда медициналық құралдар, оның ішінде бетперделер қоры жеткілікті.

Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

‡агрузка...

Прямой эфир