Екі айдан астам инфекция стационары ретінде ашылған орталыққа 107 науқас келіп түскен
Шымкентте 100-ден астам бала вирусты инфекциядан жазылып шыққан. Олар Асар шағынауданындағы балалар клиникалық ауруханасында ашылған көпбейінді провизорлық орталыққа жатқызылып, коронавирус пен пневмониядан емделді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Екі айдан астам инфекция стационары ретінде ашылған орталыққа 107 науқас келіп түскен. Оның ішінде 98 баладан коронавирус инфекциясы анықталған. Науқас балаларға провизорлық стационардағы 20-ға жуық қызметкер тәулік бойы емдеген. Нәтижесінде балалар ауруханасындағы стационарда бірде бір өлім тіркелмеген. Айта кетейік, балаларға арналған провизорлық орталықта пульмонолог, травматолог, хирург, невролог, нейрохирург, аллерголог сынды бейінді дәрігерлер бар. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, бұрынғы қалыпты режимдегі жұмысқа көшкен.