Көбіне осындай жиындардан соң, туыстардың көбі ауырып қалады
И. Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы инфекция бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонологы Абзал Малбасқанов қоғамдық көлікте ауру жұқтыру қаупі неге аз екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Кейбір адамдар «қоғамдық көлікке мінгенде инфекция жұқпайды, онда неге тамақтанатын орындарда жұғады» деген сұрақ қойып жатыр. Коғамдық көлікте тұрғындар бетперде тағып алады, ал той-томалаққа барғанда адамдар бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, бетперде тақпай жүреді. Сондықтан ауру жұқтыру қаупі жоғары болады. Көбіне осындай жиындардан соң, туыстардың көбі ауырып қалады», – деді А. Малбасқанов.