Нұр-Сұлтанда 752 оқушыдан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Оқу жылы басталғаннан бері елордада 76 мектеп карантинге жабылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада 752 оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2020 жылдың 1 ақпанындағы деректерге сәйкес, мектеп оқушылары арасында 752 коронавирус жағдайы тіркелді. Оның ішінде 56 жағдай кезекші сынып оқушылары арасында орын алды. 596 жағдай қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркеліп отыр», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, оқу жылы басталғаннан бері елордада 76 мектеп карантинге жабылған болатын. Бүгінде коронавирустың оқушылар арасында шығуына байланысты 21 мектеп карантинге жабылған. 

Айта кетейік, 2021 жылдың қаңтар айының басынан бері елордада коронавирус инфекциясының 3 763 жағдайы тіркелді.


Новости партнеров