Түркістан облысында тағы 20 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысында тағы 20 адамнан коронавирус анықталды
Қазіргі уақытта облыста вирус жұқтырғандар саны 267 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасай отырып.

«Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Жетісай ауданының 1969, 1971, 1992, 1959, 1996, 2006, 1952, 1966, 1972, 1966, 2019, 1954 жылтары туған, Келес ауданының 1995 жылы туған, Кентау қаласының 1983 және 1959 жылдары туған, Сайрам ауданының 1992 жылы туған тұрғындарынан анықталды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Ордабасы ауданының 1969 жылғы, Сайрам ауданының 1989 жылғы, Мақтарал ауданының 2004 жылғы, Түркістан қаласының 1992 жылғы тұрғындарының сынамасы олардың да вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.

Жақын байланыстағы азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 267-ні құрап отыр.

Новости партнеров