«Омикрон» алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутациялармен ерекшеленеді
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде коронавирустың жаңа «омикрон» штамы ауыр зардаптармен дерттің жаңадан өршуіне әкелуі мүмкін деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. .
Әсел Қалықова мегаполис «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, соңғы аптада коронавирустық инфекцияның 641 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Өткен тәулікте – 34 жұқтыру жағдайы.
Спикер бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай нашарлап, қатаң карантин режимі қайта енгізілгеніне назар аударды. Оңтүстік Африкадағы COVID-19 дельтасының жаңа, қауіпті «омикрон» мутациясының пайда болуы туралы ДДҰ-ның ресми мәліметтері бар. Ол патогенді және жұқпалы «дельта» нұсқасынан асып түседі және организмдегі антиденелерді айналып өтуге қабілетті.
"Сондықтан халықты, әсіресе қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді вакциналауды ұлғайту қажет. Алматының барлық тұрғындары елде «омикрон»штаммның пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін, әсіресе демалыс және мереке күндері адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуларына күш салу қажет", - деді Әсел Қалықова.
Маман «омикрон» жағдайлары Африканың 8 елінде (ОАР, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини, Танзания), сондай-ақ Бельгияда, Израильде, Гонконгта, Германияда, Чехияда және Ұлыбританияда тіркелгенін айтты.
«Омикрон» алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутациялармен ерекшеленеді. Оның Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсвитини, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін шектеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
«Омикронға» қатысты КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс. Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.