Қазақстанда модульді 12 инфекциялық аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

03.09.2020 18:45

Аталған жұмыс коронавирус індетінің болуы мүмкін жаңа толқынына дайындық аясында іске асырылуда

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен

Қазақстанда модульді 12 инфекциялық аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның сөзіне қарағанда, өңір әкімдіктері модульді 12 инфекциялық аурухананың құрылысы мен екі аурухананы реконструкциялаудың белсенді кезеңіне кірісті. Аталған жұмыс коронавирус індетінің болуы мүмкін жаңа толқынына дайындық аясында іске асырылуда. Осы орайда сапалы көмек көрсетуге арналған шаралар атқарылуда. 

«Қосымша 2 700 инфекциялық төсек орын жасақталады. Олар заманауи құралдармен жабдықталады. Қаржыландыру Жұмыспен қамту жол картасы мен жергілікті бюджеттер есебінен болады»,– деді М. Шоранов Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде.