Алматы қаласында коронавирустан екі адам емделіп шықты

04.04.2020 01:04

Алматыдағы коронавирус індеті бойынша жағдай

из открытых источников

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі науқас сауығып, ауруханадан шығарылды. Жазылып кеткен қос келіншектің бірі наурызда Стамбұл – Алматы, енді бірі Египеттен ұшып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бүгін қаланың бас дәрігері Тілеухан Әбілдаев айтты. Сонымен қатар, бүгін ауруханаға тағы үш науқас түсті. Оның біреуі 3 жастағы бала. Жаңа түскен үш пациент бұрын індет жұқтырғандармен тығыз байланыста болған. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында 81 адам ем алып жатыр. 68-інің жағдайы қанағаттанарлық. Бір қуантарлығы, бас-аяғы 13 адам дерттен аман-есен айығып шықты. Оның екеуі бала. Қаладағы стационарлық орындарда 613 адам, ал үй карантинінде 4411 адам жатыр. Сондай-ақ, екі күндік карантинге 446 азамат алынған.

«2 ересектің хәлі ауыр, ал қалған 11-інің денсаулығына орташа ауырлық деңгейде деген баға берді», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.