Қазақстанда кезекші сыныптардағы 4 оқушыдан коронавирус анықталды

24.09.2020 18:47

COVID-19 анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді

© Sputnik / Абзал Калиев

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер болып сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. саналады», – дейді департаменттегілер.

Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19 анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді дейді.