Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілді

Zuma Press / Scanpix
Zuma Press / Scanpix
Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде жаңа қаулыға қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда енгізіліп, өз нәтижесін бере бастаған тәжірибе республика көлемінде міндетті болмақ. Енді бұдан былай Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру керек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еліміздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қаулыға осындай өзгертулер енгізді. Жаңа ережеге сәйкес азаматтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді. Сонымен қандай жағдайда бетперде киюге міндеттіміз? Ғимараттарда, олар: дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар. Көлікте және көшеде жүргенде және COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесу барысында да маска кию міндетті. Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда. Талап орындалмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Графика:

Бетперде кию міндетті

– жабық нысандарда: дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар;

– көлікте және көшеде;

– COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектесу барысында;

– коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда.


Новости партнеров