2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді
2021 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
1 915 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 713 адам, анықтамасыз 202 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 479 жолаушы, анықтамамен - 1 319, анықтамасыз - 160;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 198; анықтамасыз - 1;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 237 жолаушы, анықтамамен - 196; анықтамасыз - 41.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 18 қаңтарында анықтамасыз келген 132 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.