Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының мәліметінше, өлер алдында министр хат жазып қалдырыпты
Германияның Гессен штатының қаржы министрі Томас Шефердің 28 наурыз күні теміржол маңынан денесі табылыпты. Полиция қызметкерлері шенеуніктің өз-өзіне қол салуы мүмкін екендігін айтуда, деп хабарлайды Stan.kz.
Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының мәліметінше, өлер алдында министр хат жазып қалдырыпты. Десек те хаттың мәтіні жарияланбаған көрінеді.
Томас Шефер қоғам алдына шығып бірнеше рет, Германияның коронавирус пандемиясына байланысты дағдарысқа ақша бөлуге дайын екендігін айтып жүріпті.
Гессен штатының губернатор Фолькер Буфье министрдің өлімі коронавирусқа байланысты деп айтыпты.
"Ол үнемі халықтың жағдайын қаржы министр тұрғысынан жасай аламын ба деп уайымдап жүретін. Басқа амалы жоқ болғандықтан, ол өмірмен қош айтысты. Бұл біз үшін үлкен қайғы", - дейді Буфье.
Атап кетейік, Шефер Гессеннің қаржы министр лауазымын 10 жыл бойы атқарыпты.
Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы белгіленді
Қазақстан Қытай мен Үндістан азаматтарына 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты