Қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі
Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді. Өңірдің бас санитар дәрігерінің м.а. Асхат Чарапиев қаулы шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2020 жылғы 2 тамыздағы №23 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» 2020 жылғы 5-тамыздағы № 24 Қаулысы бойынша өңірде карантин режимі жеңілдетілді.
«Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушы қалаішілік қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі», – делінген қаулыда.