COVID-19: «Қызыл» аймақта екі қала мен алты облыс тұр

01.05.2021 18:54

Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1 мамырдағы мәлімет бойынша: 

«Қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан. 

«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр. 

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.