|
21.10.2021 | 13:55
2115

Алматыда Еуропа елдері мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілді

Шетелден келген барлық жолаушылар жоғары температураны тіркейтін арнайы құралмен тексеріледі

Алматыда Еуропа елдері мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілді ult.kz

Алматыда Еуропа елдері мен Ресейден келгендерге бақылау күшейтілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Ол Ресей Федерациясында аурудың тағы бір өсуі тіркелгенін атап өтті. Ковид бойынша антирекордтар Еуропа және Балтық елдерінде орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ж. Бекшиннің айтуынша, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиолог мамандары мен медицина қызметкерлері осы елдерден Алматы халықаралық әуежайына келгендерді бақылауды күшейтті.

Шетелден келген барлық жолаушылар жоғары температураны тіркейтін арнайы құралмен – жылуға ден қойғышпен сканерленеді. Бұл қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты.

«Ресей Федерациясындағы жағдай күрт күрделене түсті, біз Еуропадан келгендерді бақылауды күшейттік, қазір аурудың күрт өсуі байқалады. Румынияда, Ұлыбританияда және Балтық елдерінде антирекордтар жазылды. Халық қазіргі уақытта айналымдағы «дельта» нұсқасына толық мән беруі керек. Егер бұрын диарея сияқты КВИ симптомы басым болса, бүгінде оған нейро-токсикалық синдром қосылды, бұл есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Науқастар ауруханаға түскен кезде есін жоғалтады. Бас миы зақымданады, ауырып жазылған адамды постковидтік синдром қудалайды», – деп хабарлады Ж. Бекшин.

Ол қауіп аймағында әлі күнге дейін ауруды қиындататын қарт адамдар бар екенін айтты.

«Ең көп жұқтырғандар - 20-39 жастағы азаматтар, олар аптасына жұқтырғандардың 28%-ын құрайды, 24%-ы-40-59 жастағы тұрғындар, 25%-ы-60 жастан асқан адамдар. Соңғы аптада балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдықтың 2,6%-ға өскені байқалады», – деп хабарлады Алматының бас санитарлық дәрігері.

Ол вакциналануды кейінге қалдырмауға, адамдар көп жиналатын орындарға, түнгі клубтарға, мейрамханаларға баруды, үй іс-шараларын өткізуді шектеуге шақырды.

Ж. Бекшин қазіргі коронвирустың «дельта» нұсқасы жағдайында, оның толқындылығы мен мутациясы кезінде иммундық қабатты 80%-ға жеткізу керек деп санайды. Алайда, вакцинацияның күнделікті өсуі 1% құрайды.

«Қазір иммундық қабат 54%-ды құрайды. Егер осындай қарқынды сақтап қалатын болсақ, онда вакцинация мерзімі жыл соңына дейін созылып, 70%-ға жетуі мүмкін», – деді Ж. Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер қазіргі коронавирустың «дельта» нұсқасының өте қауіпті екенін, Алматыда осыған қатысты жағдайдың 95%-ының тіркелгенін, ауырып жазылғандар арасында ағзаның әлсіреуі мүмкін екенін еске салды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир