Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймаққа» енді

21.07.2022 18:55

Өткен тәулікте елімізде 2257 адамнан індет анықталды

Almaty.tv

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймаққа» енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді елордалықтар бетперде тағу талабын қатаң сақтауы керек. Қоғамдық көліктерде, адам көп жүретін орталықтарда, кинотеатрларда ереже қатаң қадағаланады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова мәлім еткен болатын. «Сары» аймаққа қойылатын шектеулер де ұсынылған. Ол адам көп шоғырланатын жұмыс орындарын қашықтан істеуге жіберу, вакциналауға түбегейлі қарсы, медициналық көрсетілімі бар қызметкерлерді онлайн жұмыс форматына көшіру.

 Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде 2257 адамнан індет анықталды.