Қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған жалпы 813 адам тіркелген
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 51 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 51 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды, олардың 29-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 3-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 8-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілгендер, 1-і Атырау облысынан келген, 8-і скрининг нәтижесінде анықталған, 2-і ақылы түрде қаралған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінде қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 813 адам тіркелген, оның ішінде 248-і жазылып шыққан.