Адамдар көп шоғырланған жерде вирус тез таралады
Коронавирустың да жойылар сәті алыс емес. Алматылық дәрігерлердің сөзінше, індеттің өршуі алдағы мамыр айында аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Тауарлардың құны және сапасы мен қызметін бақылау департаментінің бөлім басшысы Саят Қауметбаев ауа-райы жылыған кезде вирус өздігінен жойылатынын айтады. Өйткені коронавирус ультракүлгін сәулесіне қарсы тұра алмайды екен. Наурыз айында ол біртіндеп тығыла бастаса, күн ысығанда мүлдем күші кетеді. Бірақ адамдар арасында көшіп жүре береді. Бір анығы аталған аурумен ауыратындар саны азаятыны сөзсіз. Ал ауа температурасы жылы аймақтарда эпидемия өршіп тұр. Себебі адамдар көп шоғырланған жерде вирус тез таралады.