Коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасы өзгерді

07.08.2020 18:56

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус індетін емдеуге арналған қандай дәрілер тегін берілетіндігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына өзгертулер енгізілді. Әзірлеушілерге бұл санаттағы пациенттерді тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен, оның ішінде қазіргі уақытта Ксарелто деген сауда атауы бар «Ривароксабан» препаратымен қамтамасыз ету ұсынылды. Сонымен қатар отандық өндірушілердің баламасы да тіркелді. Оны бірыңғай дестрибьютор сатып алады. 10 тамызда тегін беру үшін медициналық ұйымдарға жеткізілетін болады», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.