|
29.09.2021 | 13:57
6219

Шымкенттік бойжеткен вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алды

Вакциналау туралы ақпаратты бұлайша насихаттауды тұрғындардың біразы сынға алды

Шымкенттік бойжеткен вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алды Almaty.tv

Шымкенттік блогер Диана Ыдырыс вакциналау паспортын киіміне жабыстырып алды. Ол қоғамға вакциналаудың маңызын осылайша жеткізгісі келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Оtyrar.kz хабарлауынша, Диана вакцина алу қажеттілік қана емес, өзіңді және жақындарыңды қауіпті індеттен сақтаудың мүмкіндігі деп есептейді.

«Вакциналау паспортының мұндай түрін байқамау мүмкін емес. Жаңа тренд танымал бола бастады», – дейді ол.

Вакциналау туралы ақпаратты бұлайша насихаттауды тұрғындардың біразы сынға алды.

Нысандарға кіру үшін Диана да өзгелер сияқты QR-кодты сканерлейді. Өйткені киіміндегі вакцина паспортына күзетшілер күмәнмен қарайды.

Диананың айтуынша, ол коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды. Киіміне басылған вакцина паспорты да өзінікі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир